Әрбір үшінші жамбылдық ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді

Жамбылдықтардың көп бөлігі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді - 35 пайыз, қызмет көрсету саласында - 21 пайыз, білім беру саласында - 10,7 пайыз, өнеркәсіпте - 7,4 пайыз, деп атап өтті статистика ведомствосынан.
Аймақ кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлердің саны бүгінде 269,1 мың адамды құрайды, өз бетімен қызмет ететіндер саны - 292,2 мың адам.
Биылғы аймақтық жалпы өнім 2011 жылмен салыстырғанда шамамен 9 пайызға өскен.
Жұмыссыз тұрғындардың саны 31,8 мың адам, ол өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендеді.
Облыстағы жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрады. Бұл ретте жұмыссыз отырған әйелдердің саны жұмыссыздардың барлық санының 50,3 пайызын құрауда.
Облыстық статистика басқармасының мәліметтерінше, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап аймақ тұрғындарының табиғи өсімі 15,7 мың адамды құрады. Жылдың төртінші тоқсанының басындағы мәліметке сәйкес, облыста 1 миллион 67 мың адам тұрады.