Ардагерлер арасында шахматтан жарыс болды
Жарыстың бас демеушісі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ. Шахмат турнирін Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Ибадулла Құттықожаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ еңбек ардагерлерін білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподағының төрайымы Райкүл Байназарова құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сайысқа ардагер ұстаздардан құралған ерлер мен әйелдер командалары қатысты. Ойын кезінде дүниежүзі шахмат федерациясының ережелері мен талаптары қатаң сақталды. Шара барысында «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» жарыс жеңімпаздары алға шықты.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер командасынан бірінші орынды Қойшығара Нұрлыбеков иеленсе, екінші орынды Сұлтан Пірмағамбетов, ал үшінші орынды Алпысбек Шомаев иеленді.
Ал әйелдер арасында жүлделі бірінші орынға Гүлбарам Әбдікәрімова шықса, екінші орыннан Боранбике Әлжанова көрінді. Yшінші орынды Райкүл Ысқақова еншіледі.
Шахмат жарысын қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Өтегенов қорытындылады.