Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері әрдайым адалдық пен патриотизмнің, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келеді - Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Мыңдаған абзал жерлестеріміздің жанкешті ерлігінің арқасында біз бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп, өркендеп отырмыз. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шарада айтты.
None
None

«Баршаңызды қасиетті мерекеміз Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы Ұлы Жеңіс бейбітшілік салтанат құрған заманның, еліміздің жарқын болашағының берік негізі болды. Елдің басына қатер төнген ауыр уақытта Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерліктері ел жүрегінде мәңгілікке сақталады. Халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлік пен қайтпас қайсарлық танытты», - деді А.Есімов. Шаһар басшысы қазақстандықтардың ішінен 500 Кеңес Одағының батыры шыққанын осының айқын дәлелі деп санайтынын айтты. Майдан жылдары ерлік танытып, еңбек еткен аға буын зейнетті өмірін қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі мақсаты екенін жеткізді. Ардагерлер, тыл еңбеккерлері әрдайым адалдық пен патриотизмнің, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келе жатқанын айта келе, осы жанкешті ерліктері бүгінгі ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің, ел қорғаудың өшпес өнегесі болып қала беретіне сенім білдірді. Олардың Отан алдындағы Ұлы ерліктеріне бас ие отырып, баршасына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, мол бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тіледі.

Соңғы жаңалықтар