Ардагерлер тәртіп сақшыларымен кездесті

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті жанындағы ардагерлер кеңесі белсенді жұмыс атқарып келе жатыр.
None
None

Аталған ұйым Елбасы Жолдауларында айтылған тәртіп сақшылары қызметіне байланысты міндеттерді шешу жолындағы ортақ іске жан-жақты көмек көрсетіп, ардагерлердің тәжірибесін жас тәртіп сақшыларымен бөлісуге әрдайым да әзір.

Осы мақсатта аталған ұйымның төрағасы Қ. Бержанов Бейнеу ауданында әрдайым іссапарда болып, тәртіп сақшыларымен кездесу жиындарын өткізіп тұрады.

Осындай жиналыстың бірі жақында аудан орталығындағы Абыл мәдениет үйінде өтіп, оны аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Арыстан Ерсайынұлы Боранов ашты. Облыстық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ Бержановтың кіріспе сөзі ел өміріндегі аса маңызды саяси оқиға таяуда өткен кезектен тыс Президент сайлауы жайында өрбіп, жиналған жұртшылықты ел таңдауымен, болашақтың жеңісімен құттықтады. Одан әрі ардагерлер кеңесі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, облыс бойынша ішкі істер қызметкерлерінің құрылымдық қатарын нығайту, полиция беделі мен қызметін жаңғырту, тәртіп сақшыларының әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағыттарында жасалып жатқан ұсыныстар мен жүзеге асқан игіліктер жайында кеңірек баяндады. Полиция қызметкерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау арқылы беделі мен мәртебесін көтеру, патриоттық рух тәрбиесі жөнінде келелі ой -пікірлер өрбітті. ІІО зейнеткерлерінің ішінде органда ширек ғасыр қызмет істеп, жастарды тәрбиелеу ісімен айналысып жүргендерге шен беру жөніндегі ұсыныстармен қатар, оларға моральдық, материалдық көмектер беру бағытында жалғасын тауып жатқан жұмыстар да елеулі екен.

Жиында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есмағанбетов, селолық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж Нәренбай ардагерлер ұйымының жұмыстары жайлы айтып, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жұмысына разылықтарын білдіре отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көше тәртібін нығайту жөніндегі ұсыныс пікірлерімен бөлісті. Алдыңғы толқын ағалардың ақыл -кеңесі өрбіген жиында аудандық ішкі істер бөлімі бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары Ақберген Әлжановқа полиция майоры шені тапсырылды. Ал ішкі істер бөлімінің қызметкері Аманғали Әлімбаевқа облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хаты салтанатты жағдайда табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум