«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Жеңістің 65 жылдығына орай қабылдау өткізілді - Ақмола облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш филиалдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты жиынға Отан қорғауға қатысып, бейбіт еңбекте ерен еңбектің үлгісін танытқан 14 ардагер шақырылған. Жиналған алдында сөз алған филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Шойкин жеңіске үлес қосқан ақмолалықтар ерлігін тілге тиек етті.
Бұл шараға «Жас ұлан» әскери патриоттық клуб мүшелері, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражай өкілдері ықпалдастық жасаған. Жиынның өн бойында ерлік пен ержүректік, отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм тілге тиек етілді. Кездесу барысында соғыс ардагерлеріне он мың теңгеден ақшалай және заттай сыйлықтар, гүл шоқтары табысталды. Қарттармен жүздесуге келген жасөнерпаздар ән мен биден шашу шашып, өзіндік тарту-таралғыларын ұсынысты. Бұл сый-құрметтеріне майдангерлер Ескендір Шайкенов, Құспан Рахымов, Федор Гончаров, Казимир Беймарт ризалықтарын білдірісті. Салтанат барысында Бұқпа тауы баурайында Көкшетаудағы госпитальдарда дүниеден озғандар ескерткішін қалпына келтіруге өз үлестерін қосқан Асқар Алиев, Талғат Жапаров, Асқар Нұрымжанов сынды 15 кәсіпорын басшылары мен шағын бизнес өкілдеріне «Нұр Отан» ХДП филиалы атынан марапаттау қағаздары табысталды. Олар ескерткішке 686 мың теңге қаржы жинаған болатын. «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы облыстық филиалы ардагерлерге дастархан жайып, қошемет көрсетті.