Ардагерлердің бірде-бірі мемлекет тарапынан ескерусіз қалмауы тиіс - ҚР Президентінің республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Сүлейменовпен кездесуі
Қ.Сүлейменов Президентке Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Қазақстанның барлық аймақтарында ардагерлерді қолдау үшін көптеген істер тындырылғаны жайлы баяндады.
Кездесуде Қазақстанда 14 376 соғысқа қатысушылар тұратыны атап өтілді. Мерейтой қарсаңында 300-ден астам ардагер наградаларға ұсынылды. 32 қазақстандық Мәскеудегі Жеңіске орай мерекелік салтанаттарға қатысады, бесеуі - Санкт-Петерборға барады және тағы екі соғысқа қатысушы Прагаға жүреді. Бұдан басқа қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің 155 отбасы аталары мен әкелерінің жерленген орындарына барып қайтуға тілек білдірді. Осы мақсаттардың барлығына қажетті қаражат бөлінді.
Әңгіме барысында Елбасы бірден-бір ардагер мемлекет тарапынан ескерусіз қалмауы тиіс екенін айрықша атап өтті.