Ардагерлерге құрмет көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінің жеке құрамы қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары: полиция майоры В.Кадыбко, полиция майоры С.Доголаптев, полиция капитаны С.Әбілсейітов, полиция аға лейтенанты Қ.Әрінов, полиция аға лейтенанты С.Гуровты құрметті демалысқа шығарып салды.
None
None

Бөлімнің мәжіліс залында жиналған жеке құрам ардагерлерге ішкі істер органдары қатарындағы қызметі барысындағы өткерген бейнетті де жауапкершілігі мол, табанды қызметі үшін алғыс білдірді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ішкі істер органдары ардагерлерінің қоғамдық тәртіпті нығайту мен қылмысқа қарсы күреске қосқан үлесі ұшан-теңіз. Атқарған лауазымында қызмет өткеруде, ұжымды біріктіруде ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін заман талаптары деңгейінде арттыруға, жас кадрларды тәрбиелеуге олар елеулі үлес қосты.

Осы жетістіктері және ішкі істер оргадарындағы көп жылдық мінсіз қызметі үшін В.А.Кадыбко, С.Доголаптев, С.Әбілсейітов, Қ.Б.Әрінов, С.Гуров жеке құрам алдында жоғары абырой мен құрметке бөленді.

Соңғы жаңалықтар