Архимед Мұхамбетов балаға диагноз қоя алмаған дәрігерлерді жауапқа тартты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің тапсырмасымен Лисаков қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде қызметтік тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін белгілі болғандай, Лисаков қалалық ауруханасы дәрігерлерінің салғырттығынан 6 жасар бала аппендициттен көз жұма жаздады. Аталмыш аурухананың инфекциялық бөлімшесінің дәрігерлері балаға диагнозды уақытылы қоя алмаған. Бұл туралы баланың апасы, «Мейрімділер клубы» жобасының негізін қалаған Гүлмира Әбдірашева Instagram парақшасында жазды.

Осы дерек бойынша Архимед Мұхамбетовтің тапсырмасымен ауруханада қызметтік тексеріс жүргізілді.

«Құрметті оқырмандар! Балаға сапасыз жүргізілген диагностика мен емдеу дерегі бойынша Лисаков қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде қызметтік тексеру жүргізілді. Тексеру барысында емдеу мекемесінің қызметі зерттелді, медициналық қызметкерлердің түсініктемелері қаралды. Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуде және келіп түсудің алғашқы сағаттарында пациентке динамикалық бақылаудың болмауында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Келесі шаралар қабылданды:

1) Емдеу үрдісіне бақылау жүргізбегені үшін бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Мұхаметжанова лауазымынан босатылды;

2) Педиатр Д.Ғ.Әбдірахмановаға қатаң ескерту жарияланды;

3) Инфекциялық бөлімшенің меңгерушісі Г.Н.Әбдірашеваға қатаң ескерту жарияланды;

4) Кадрлық қызмет бөлімінің бастығы Р.О.Мұрзахметоваға қатаң ескерту жарияланды»,- деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Сонымен қатар өңір әкімі 6 жасар Камалдың денсаулығы жақсы екенін айтты. Ол дүйсенбі күні ауруxанадан шығады.

Соңғы жаңалықтар