19:19, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Арқалық жылыту маусымына дайындалуда
ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Арқалық жылу-энергетика компаниясында болған Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин жағармай қорымен қамтамасыз ету мәселесі Үкімет деңгейінде шешілетінін хабарлады.

Қазіргі күні жылу компаниясының терминалдарында шамамен 2,4 мың тоннаның мазут қоры сақталуда. Ол қараша айына дейінгі жағармайға сұранысты қанағаттандыруға жетеді. Облыс әкімінің есептеуінше, қалған қосымша отынға шамамен 23 мың тонна мазут қажет.
«АТЭК» ҚКК директоры Н.Әлиннің айтуынша, қысқы маусымға негізгі дайындық жұмыстары аяқталуға жақын: 90 пайызға бу қазандықтары жөнделді, магистральдарды жөндеу аяқталып келеді.
Биылғы жылы АТЭК сұраныстары үшін бюджеттен қосымша шамамен 150 млн. теңге бағытталды. Нәтижесінде, жалақыға қатысты қарыздар төленіп, құралдар мен инженерлік желілерді жөндеуге байланысты кешенді шаралар дер кезінде жүзеге асырылды.