«Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашылардың ата-аналары Үшарал шекара жасағына келді

ҮШАРАЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Кеше кешке қарай Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Үшарал қаласына «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашылардың ата-аналары келді.
None
None

Сол күні кешқұрым ҚР ҰҚК «Шығыс» Өңірлік басқармасы Үшарал шекара жасағында көз жұмған шекарашылардың ата-аналары ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбековпен кездесті.

Бүгін, 27 шілдеде марқұм болған шекарашылардың ата-аналары сарбаздардың қаза тапқан жері - «Арқанкерген» заставасына оларды еске алу үшін аттанбақ. Одан соң қаза тапқан шекарашылардың туыстары алдағы уақытта салынатын ескерткіштің тастарын қаламақ ниетте. Бұл шара біткеннен кейін Үшарал қаласының ҚР ҰҚК ШҚ №2484 әскери бөлімінде ас беріледі.

Соңғы жаңалықтар