Арменияда этносаясат саласындағы Қазақстан мен Арменияның өзара ықпалдастығының тәжірибесі мен оның болашағы талқыланды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Армения Республикасына сапары шеңберінде 2012 жылғы 9 қарашада
None
None

«Этносаясат саласындағы Қазақстан мен Арменияның өзара ықпалдастығының тәжірибесі және ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты конференцияға қатысты, конференцияны Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР-дың Армениядағы Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шараға Арменияның мемлекеттік органдарының, Парламентінің, академиялық, сарапшылық, іскерлік топтарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Қазақстан тарапынан іс-шараға сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Артуш Карапетян және Қазақстанның Армениядағы Елшісі Айымдос Бозжігітов қатысты.

Ералы Тоғжанов конференцияға қатысушыларға этникааралық төзімділіктің және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Бүгінгі күні ол орынды түрде Н.Назарбаев үлгісі деп аталады. Баяндамашы атап өткеніндей, «этникааралық, конфессияаралық қарым-қатынас ұлттық бірлікке және қоғамдық келісімге бағытталған мемлекеттік саясаттың өзегі болып табылады». «Қазақстандық үлгіге «Әралуандық арқылы бірлікке» шақыратын шоғырландырушы принцип қаланған. Мәдени әралуандықты сақтау мен көбейтуге этникалық тілдер мен мәдениеттерді қолдау жөніндегі бұлжымас мемлекеттік саясат жәрдемдеседі», -деп атап көрсетті ҚХА Төрағасының орынбасары.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшісі Айымдос Бозжігітов екі елдің ынтымақтастығы дамуының негізгі кезеңдеріне, екіжақты өзара ықпалдастықтың жәй-күйі мен келешегіне, елдер арасындағы экономикалық, ғылыми-мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтудың мүмкіндігіне назар аударды.

Армения Ұлттық жиналысының Сыртқы байланыстар жөніндегі комиссиясының төрағасы Артак Закарян өткен кезең ішінде екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалай отырып, Армения мен Қазақстан өзара сенім білдіру мен әріптестікті одан әрі тереңдететіне, жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты дамытатындығына  сенім білдірді. Парламентшінің пікірі бойынша, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін Армения Ұлттық жиналысы мен Қазақстан Парламенті арасында үлкен ынтымақтастыққа қол жеткізу қажет.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Артуш Карапетян Қазақстанда тұратын армян диаспорасы туралы форумға қатысушыларға ақпарат берді, бұл орайда ол елде бар этникааралық төзімділік нәтижесінде біртұтас көпұлтты Қазақстан Республикасы армяндардың Отанына айналғанын атап өтті. Бұл әсіресе Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен айрықша көзге түсті.

Тұтас алғанда конференция барысында Қазақстан-Армения ынтымақтастығының ағымдағы жәй-күйі, түрлі салаларда байланысты одан әрі дамытудың жолдары мен келешегі туралы жан-жақты пікір алмасу болып өтті.

Конференция шеңберінде осы іс-шараға қатысушылар Қазақстанға арналған фотокөрмемен таныстырылды. Қатысушылар арасында Елшілік армян тілінде басып шығарған Қазақстан туралы кітаптар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының мәтіні бар кітапшалар, сондай-ақ басқа да материалдар таратылды.

Іс-шара Армения БАҚ-тарында кең ауқымда жария етілді.

Соңғы жаңалықтар