Арменияда ҰҚШҰ бітімгерлерінің жаттығулары басталды
Жаттығуларды Армения Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Юрий Хачатуров, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков, ҰҚШҰ Біріккен штабының басшылары, ҰҚШҰ Хатшылығының және ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері министрліктері мен ведомстволарының өкілдері ашты.
ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтің айтуынша, бұл жаттығу жоспарлы және ашық сипатта. Оған Халықаралық Қызыл Крест қоғамының, БҰҰ бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар департаментінің, басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері шақырылды. «Жаттығудың негізгі мақсаты - ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бітімгершіл контингенттері арасында өзара түсністік пен ынтымақтастықты нығайту, бітімгершілік міндеттерін орындауда әскери бөлімдер мен бөлімшелерді басқару және бітімгершілік операцияларына даярлықта барлық дәрежедегі командирлер мен штабтардың практикалық икемдігі мен дағдыларын арттыру. Жаттығу үш кезеңде 5 тәулік өткізіледі. 4 қазанда аяқталады. Маневрлерге Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Қарулы күштерінің, полициясы мен милициясының өкілдері қатысуда, - деп мәлімдеді Зайнетдинов. «Мызғымас туысқандық-2015» жаттығуларына барлық мемлекеттердің бетімгершіл күштерінің шектеулі контингенті қатысуда. Қатысушылардың жалпы саны - 600-дей адам, жаттығуға 50-ге тарта техника, соның ішінде тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтар тартылған. ҰҚШҰ-дағы бітімгершіл күштердің жалпы саны бүгінгі таңда 3600 адамды құрайды.