Армияшылардың орталық спорт клубының мүшелері Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды

АЛМАТЫ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден алтын медаль иеленген лейтенант Ольга Рыпакова Армияшылардың орталық спорт клубындағы тұңғыш чемпион атанды.
None
None

4 жыл бұрын Бейжіңде 4-орынға табан тіреген Ольганы  ҚР Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубы - Спорт комитеті төрағасының орынбасары Алмат Тәжібаев бұл жолы алтын медальдан үміткер 2 спортшының бірі ретінде атаған болатын.  Мәселен, 4 жыл бұрын Қытай астанасында болған  додада   30 әскери-спортшының арасында бокстан Еркебұлан Шынәлиев, еркін күрестен  Елена Шалыгина қола жүлдегер атанған болатын. Биыл 26 әскери-спортшы спорттың 8 түрі бойынша қатысуда.

Алмат Айнабекұлының айтуынша, енді боксшы, аға лейтенант Серік Сәпиев (69 кг) те өз арманына қол жеткізуге жақындап келе жатыр. Сондай-ақ  жүлдегерлер сапында болады деп сенім артқан кіші сержант Біржан Жақыпов (49 кг) пен Ғани Жайлауов (60 кг) та ширек финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар