11:43, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
«Армысың, әз Наурыз!» республикалық айтысында жезқазғандық Т.Жаманов жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында «Армысың, әз Наурыз!» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.
Осы айтысқа қатысқан батысқазақстандық Жансая Мусинаның хабарлағанындай, Наурыз мерекесіне арналған, кілең «сен тұр, мен атайын» дегендей, дүлдүлдер бақ сынасқан аталмыш жыр додасында жезқазғандық Төлеген Жаманов бас жүлдені жеңіп алды.
Қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан - бірінші, семейлік Әсем Ережеқызы екінші орынды иеленсе, астаналық Айбек Қалиев пен батысқазақстандық Жансая Мусина үшінші орынды бөлісті.