Арнасайда «Ауылға - алма бағы» жаңа акциясы аясында 65 түп алма ағашы отырғызылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орайластырыла қолға алынған игілікті істің қолдаушысы «Ақбота» қоғамдық қоры жетекшісі Татьяна Немцанның айтуынша, «Қазақстан азаматтық альянсы» қоғамдық ұйымының басмасымен бұл іске өңірдің барша соғыс және еңбек ардагерлері, жастар, мектеп оқушылары мен жергілікті тұрғындар бір кісідей атсалысып отырған көрінеді. Қажетті көшеттермен Астана мен Ақмола облысы аумағындағы питомниктерден тендерде жеңіске жеткен «Шеврон» компаниясы қамтамасыз етіп отыр. Мұнда тамшылатып суғару технологиясы қолданылатын болады. Озық жетістікті сол компания құрастыратын көрінеді. Аумағы бес гектар алма бағын күту міндетін Вячеслав орта мектебінің оқушылары өз жауапкершіліктеріне алып отырған көрінеді. Ауыл тұсынан жер бөлу, оны дайындауға аудандық әкімдігі тиісті көмек қолын ұсынған. Акция Теміртау қаласынан бастау алған болатын.