Арнайы экономикалық аймақтарда 2 трлн теңгенің елуден астам жобасы жүзеге асатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы экономикалық аймақтарда 2019 жылға дейін 2 трлн теңгенің елуден астам жобасы жүзеге асатын болады. Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инвестициялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында «KAZNEX INVEST» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті.
None
None

Еске сала кетейік, комитетте сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқыланған болатын. «Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақтар бойынша 166 өндіріс өзінің алдын ала қуатына шығып отыр. Негізгі үлес Астана мен Алматы АЭА тиесілі. Бұнымен қоса 90-ға жуық жоба жүзеге асырылу үстінде. Сонымен қатар, 2019 жылға дейін жүзеге асырылатын 50-ден астам ірі жоба бекітілген. Олардың жалпы сомасы 2 трлн теңгеден асады», - дейді Алмас Айдаров. Оның айтуынша, аталған жобалардың ішінде Атыраудағы мұнай-химия, Астанадағы жаңа индустрияландыру аймағында жүзеге асады. «Бүгінге дейін негізгі проблема инфрақұрылымның жоқтығына байланысты болып келген еді. Қазіргі күні барлық аймақтарда инфрақұрылым толық аяқталу үстінде. Осыған орай, жобалар да көп. Инвесторлар да ниет білдіруде», - деді А. Айдаров. Тұтастай алғанда заң жобасы арқылы арнайы экономикалық аймақта басқару жүйесін жетілдіріп, инвестициялық ахуалды арттыру көзделеді.

Соңғы жаңалықтар