18:17, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Арнайы валюталық режімді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделіп отыр
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Еліміздің кейбір заңдарына валюталық реттеу және валюталық бақылауға қатысты түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасы Мәжілістің талқысына шығаруға дайын.
Мұндай қорытындыны Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті шығарып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасымен Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Лицензиялау туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.Енгізілген түзетулер валюталық реттеуді одан әрі ырықтандыруға, валюталық реттеу режімдері бойынша ұлттық және шетел валютасын репатриациялау жөніндегі рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған. Заң жобасы арқылы елдің экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда, Мемлекет басшысының актісімен енгізілетін арнайы валюталық режім шеңберінде қабылданатын шаралардың аясы кеңейтіледі және арнайы валюталық режімді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделіп отыр.