«АрселлорМиттал Теміртау» комбинатында табылған снарядтар көмір департаментінің шахталарынан көмірмен бірге теміржол вагондарында тасымалданған - ІІМ

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қарағанды облысында «АрселлорМиттал Теміртау» комбинатында табылған снарядтар көмір департаментінің шахталарынан көмірмен бірге теміржол вагондарында тасымалданған.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, сәуірдің 4-і күні комбинаттың қауіпсіздік қызметі көмір вагондарынан, өңделген тау жыныстарының қалдықтары арасынан артиллериялық снарядтарға ұқсас темір заттар тауып алған болатын. Оқиға орнына полицейлер, саперлер мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері келіп жетті. Табылған заттар қауіпті деп табылып, Спасск полигонына шығарылды. Компания берген ақпараттарға сәйкес ол жерден әр түрлі 90-ға тарта снаряд анықталған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, снарядтар көмір департаментінің шахталарына көмірмен бірге теміржол вагондарында тасымалданған», деп атап көрсетті ол.

Қ. Жұмановтың айтуынша, бұл факті Теміртау қаласының Ішкі істер басқармасында тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың комбинат аумағына қайдан және қалай әкелінгені нақтыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар