«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы әлеуметтік жобаларға 1 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырып отыр - Ф. Паннир

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Биыл «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы әлеуметтік жобаларға 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөледі. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуінде «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бас директоры Франк Паннир мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания басшылығының айтуынша, Үкіметпен және Теміртау, Қарағанды қалаларының әкімдіктерімен жасалған арадағы меморандумның аясындағы әлеуметтік міндеттер орындалуда. Бұл келісімнің негізінде компанияның қолдауымен спорт, мәдениет салаларының, балалар және қарттар үйлерінің, студенттердің және аймақтың жергілікті проблемалары шешімін тауып келеді. Атап айтсақ, Абай қаласының жолдары қалпына келтіріліп, Теміртау мен Шахтинскіде саябақтары мен скверлері жаңаланды. Компания Теміртау қаласын жылу, электр энергиясы, су жеткізілімдері қызметтерімен қамтамасыз етіп, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылыққа жыл сайын 500 млн. теңге бөлуді дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ қалада трамвай паркі Чехияның жаңа 12 көлігімен толықты.

Қаражал қаласын сумен қамтамасыз етудің көп жылдар бойы шешімін таппай келген проблемасы шешілді.

Компанияның баспасөз қызметі атап көрсеткеніндей, биыл Қазақстан магниткасына 50 жыл және Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мерекелеріне орай ауқымды бағдарлама жасақталды.

Соңғы жаңалықтар