«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы балқытылған құрыш көлемін жылына 6 млн. тоннаға жеткізуді көздеп отыр

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы балқытылған құрыш көлемін жылына 6 млн. тоннаға жеткізуді көздеп отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ІІ халықаралық тау-кен маталлургия конгресін ұйымдастыруға байланысты өткен баспасөз мәслихатында «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының өндірістік директоры Виктор Адякин мәлім етті.

«Біздің компания 2011-2015 жылдар аралығына жаңғырту жұмыстары бойынша ауқымды жоспар белгіледі. Біз балқытылған құрыш өндірісінің көлемін бүгіндегі 4 млн. тоннадан 6 млн. тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз»,-деді ол. В. Адякин осындай нәтижеге қол жеткізу үшін құрыш департаментін жаңғыртумен қатар шикізаттық базаны кеңейту жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтып өтті.

«2015 жылға қарай біз 6 млн. балқытылған құрыш, сондай-ақ 13 млн. тонна көмір өндіруіміз керек»,-деді директор.

Оның сөзіне қарағанда, құрыш департаментінде бірқатар өндірістерді іске қосу жоспарланып отыр. Бұл өндірістер сыртқы және ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие болып отырған өнімдерді өндіруге негізделеді.
2011-2015 жылдар аралығындағы жаңғырту жұмыстарына алдын ала есептеулер бойынша 130 миллиард теңге инвестиция салынбақ.

Соңғы жаңалықтар