«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы Қазақстанда рентабельді қазба кеніштерін барлау жөнінде «Тау-кен Самұрық» ұлттық компаниясымен келіссөздер жүргізуде

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы Қазақстанда рентабельді қазба кеніштерін барлау жөнінде «Тау-кен Самұрық» ұлттық компаниясымен келіссөздер жүргізуде.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуінде «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бас директоры Франк Паннир мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал оның сыртында компания басшылығы Теміртауда салынып жатқан жаңа металлургия зауытының құрылысын дағдарыс себептеріне байланысты тоқтата тұруға шешім қабылдаған. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы жаңа металлургия зауытының құрылысына алдағы 5-7 жылда кем дегенде 4 млрд. доллар инвестиция салуды көздеген болатын. Бұл 2013 жылға қарай болат өндіруді жылына қазіргі 6 млн. тоннадан 10 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілген. «Нарықтағы болат пен металл шикізатына деген сұраныстың төмендігі, әлемдік экономиканың алдағы дамуындағы тұмандылық бұл жобаныың іске асыруылуын шегере тұруға мәжбүрлеуде», дейді Ф. Паннир.

Дегенмен, компания басшысы Ф. Паннирдің айтуынша, 2010 жылдың өндірістік көрсеткіштері 20 пайызға өскен. Бұл жағымды жаңалық компанияның биыл экономикалық табыстарға қол жеткізетіндігін күтуге мүмкіндік береді.

«Компанияның Қазақстандағы өнеркәсіптерін жаңғырту және дамытуға алдағы жылы 400 млн. теңге қаражат жұмсауды қарастыруда. Оның ішінде зауыт-фабрикалар мен пештердің экологияға зардабын азайту мәселелері де бар.

Соңғы жаңалықтар