«АрселорМиттал» бас директоры Н.Назарбаевқа компанияның инвестициялық жоспарлары туралы баяндады

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы және бас директоры Лакшми Митталды қабылдады.  
None
None

Кездесу барысында елдегі металлургиялық саланың жай-күйі мен келешегі талқыланды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Л.Миттал Нұрсұлтан Назарбаевты компанияның ағымдағы қызметіндегі басымдықтары мен таяу кезеңге арналған инвестициялық жоспары туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша компанияның құрамына кіретін кәсіпорындарда еңбек шартын жетілдіру және әлеуметтік жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум