20:36, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті бойынша еңбекке ақы төлеу қоры 14 пайызға қысқаратын болды
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылары мен «Қорғау» көміршілер кәсіподақтары ымырагершілік шешімге келе отырып, ұжымдық шарттың талаптарын өзгерту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне «Қорғау» көміршілер кәсіподақтарының төрағасы Марат Мырғаязов хабарлады.«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінде қолданылатын ұжымдық шарт бойынша екіжақты комиссия компания бас директорының «Қызметкерлерге сыйлықтар мен үстемелерді төлеу ережесін өзгерту туралы» 2009 жылғы мамырдың 14-індегі хабарламасын қарап, 2009 жылғы шілденің 1-інен бастап көмір департаменті бойынша еңбекке ақы төлеудің жоспарлы қорын азайту туралы келісімге қол жеткізілді», ? деді Марат Мірғаязов.Сонымен қатар, ұжымдық шарт бойынша тағайындалған көмір департаменті барлық қызметкерлерінің негізгі демалысының ұзақтығы 4 күнтізбелік күнге азаятын болады.М.Мірғаязовтың айтуынша, қолданыстағы сыйлықтарды төлеу жүйесі күшінде қалдырылған.Қабылданған шара уақытша сипатқа ие. Әзірге әңгіме шектеу шараларының ағымдағы жылғы шілденің 1-інен бастап қыркүйектің 30-ына дейін үш ай ішінде қолданылатыны жөнінде болып отыр. «Компания басшылығы осы шараны жарты жылға енгізуді ұсынған болатын», ? деді М.Мырғаязов.Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2009 жылдың бірінші тоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 100 млн. АҚШ доллары көлемінде шығынға ұшырады. Осыған байланысты компания басшылығы көмір және болат департаменттері кәсіподақтарына шығындарды қысқарту шаралары енгізілетіні туралы хабарлама жасады.