«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министріне өзінің экологиялық бағдарламасын таныстырды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы табиғатты қорғау ведомствосының бейсенбі, қыркүйектің 9-ы күні Теміртау қаласына жасаған көшпелі алқасы аясында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшылығына өзінің экологиялық бағдарламасын таныстырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Алқа жұмысына ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой және ведомство қызметкерлері, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Компания өкілдері хабарлағандай, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 2010-2011 жылдарға арналған эколгиялық бағдарламасы табиғатты қорғау саласында атқарылатын 21 шарадан тұрады, оның жүзеге асырылуы үшін 11 млрд. теңге қаражат кетпек.

2010-2011 жылдарға жоспарланған табиғатты қорғау шараларының жүзеге асырылуы қоршаған ортаға тиетін зиянның мөлшерін азайтып, ауаға шығатын ластаушы заттардың мөлшерін жылына 16 мың тоннаға дейін, яғни 5,6 пайызға, ал 2015 жылға қарай 25,5 пайызға кемітеді, делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2015 жылға дейін экологиялық бағдарламаға 60 млн. АҚШ доллардан астам қаражат құюға мүдделі екендігі алқа барысында мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар