Аршалы ауданында ауылдың әлеуметтік мәселелері бірінші кезекке қойылып отыр

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында Елбасының жаңа Жолдауында атап көрсетілгендей, ауылдың әлеуметтік мәселелері бірінші кезекке қойылып,
None
None
шешімін тауып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Ермек Маржықбаевтың айтуынша, бүгінде өңірде 33 елді мекен болса, олардың басым бөлігінде ауыз су мәселесі, ауылдың ішін жарықтандыру ретке келтірілген. 8 ауылдың ауыз су түйткілін шешу мақсатына бюджеттен 350 миллион теңге қарастырылып, ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып отыр. Жергілікті бюджеттен 3,7 миллион теңге қаржы бөлініп, Берсуат ауылының көшелерін жарықтандыру жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы Аршалы мен Жібек жолы ауылдарында жаңа мектеп салынды, ал басқаларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмысқа орналастыру, тұрғын үй бағдарламасы, аз қамтылған отбасыларды қамқорлыққа алу, мектеп оқушыларын ыстық аспен қамтамасыз ету бірінші кезектегі міндеттер ретінде бақылауға алынған.
Соңғы жаңалықтар
Референдум