Аршалы ауданының спортшылары «Хрусталь масақ» спартакиадасының чемпионы атанды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Кеше Ақмола облысы Зеренді ауданында 24-ші облыстық қысқы «Хрусталь масақ» спартакиадасы мәреге жетіп, үш күндік сайыс қорытындысында Аршалы ауданының спортшылары жеңіс төрінен көрініп, командалық есепте чемпион атанды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығының орынбасары Владимир Светличныйдың мәлімдеуінше, бұл жолы 17 аудан мен Көкшетау, Степногор қалаларынан келген 720 спортшы қысқы спорттың он түрінен бақтарын сынады. Дес бергенде ауа райы да рақымшылық танытып, қар жауып, шаңғышылардың айы оңынан туды. Жылдың басты спорт додасы қарсаңында әр елді мекенде, аудан орталықтарында іріктеу жарыстары өткізіліп, мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктер іріктеліп келген болатын. Соған орай шаңғы, коньки, балық аулау, Президенттік көпсайыстың қай-қайсысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Алайда сайыстың басты мағынасы көпшілік сипат алуында болғандығы еді. Биылғы спорт бәсекесінде тағы да аршалылықтар көш ілгері болды. Нәтижесінде екінші жыл қатарынан бас жүлдені еншілеген. Екінші орынды жарыс алаңының иелері Зеренді ауданы еншілесе, үшінші орынды Бурабай ауданының өкілдері қанағат тұтты. Салтанатты шеру кезінде спартакиада жалауы Бурабай ауданына табысталды. 25-спартакаиада Бурабай баурайында өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар