Аршалы ауылында көшелерді жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Аршалы кентінде басты үш көше жөнделіп, абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің басшысы Иван Ратушняк мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, осы мақсатта биылғы жылға облыстық бюджеттен 50 миллион теңге бөлініп, Мәметова, Астана және Тыналин көшелерінің көлік жолдары жөнделген.

«Бұл жұмысты жауапкершілігі шектеулі «Валерия ММ» фирмасы» серіктестігі сапалы әрі уақытында атқарып шықты. Жолды арнайы комиссия қабылдап алды. Біз негізінен аудан орталығындағы көлік пен жаяу жүргіншілер көп жүретін көшелерді таңдап алдық. Мәселен, Мәметова, Астана және Тыналин көшелері орталық Тәшенов пен Митченко көшелерін қиып өтеді. Асфальт төселген көшелердің бойында халыққа қызмет көрсету орталығы, №2 мектеп, аудандық электр жүйесі мен құрылыс материалдарының дүкені орналасқан. Сондықтан бұл көше жолдарының жөнделгеніне кент тұрғындары разы. Сонымен қатар келер жылдың қамында ойластырып жатырмыз. Ол үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, келер жылы жөнделетін көшелердің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр», - дейді И.Ратушняк.

Соңғы жаңалықтар