Аршалыда аса ірі көлемдегі есірткі саудасына қатысты екі баланың анасы қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола және Қарағанды облыстық ішкі істер департаменттері есірткі бизнесімен күрес басқармаларының бірлескен іс-шарасы нәтижесінде аса ірі көлемдегі есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен екі баланың анасы қолға түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі өңірдің тәртіп сақшылары арнайы іс-шараны жүзеге асыру барысында Алматы-Екатеринбор күре жолы бойында, Аршалы кенті маңында, қарағандылық «Мерседес-Бенц» жеңіл көлігін тоқтатып, тексеру жүргізген кезде жолаушыдан күдік алған. Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің айтуынша, 1971 жылғы азаматша Астанаға жетіп қалуды өтінген. Жолаушының қол жүктерін тескергенде онда салмағы 231,88 грамм есірткі бары анықталды. Бұған дейін ҚР ҚК-сінің 259-ыншы бабы 1-ші тармағы бойынша жазасын өтеп келген ананың 15 пен 20-дағы екі баласы бар көрінеді.

Наурыздың 30-ы күні Атбасар қаласында бір көшенің бойында есірткі саудасына қатысты бес күдікті қолға түсіп, олардан салмағы 19,43 грамм есірткі заты тәркіленген болатын. Қазір жоғарыдағы қылмыстық әрекеттер бойынша ҚР ҚК-сінің 259-шы бабы 1-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар