Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған қазақстандық Таиландтан елімізге жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд Корольдігінің құзырлы органдары ағымдағы жылдың 22 шілдесінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Алматы облысы ІІД-нің іздеуінде болған Сырым Пармановты беру туралы шешім қабылдаған болатын, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
None
None

37 жасар Парманов 2010 жылы топ құрамында пайдакүнемдік ниетпен, аса қатыгездікпен адам өлтіру, қарақшылық, зорлау, автокөлікті айдап кету және бөтен біреудің мүлкін жойғаны үшін айыпталуда.

Бүгін еліміздің Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін азамат Пармановты Қазақстанға алып келді. Ол Алматы қаласы ІІД-нің тергеу оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар