Аса ірі мөлшерде героин сату үстінде салық комитетінің қызметкері ұсталды

ШЫМКЕНТ. Желтоқсанның    25-і.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -  Оңтүстік Қазақстан  облысы  Ішкі істер  департаментінің   Есірткі  бизнесімен күрес    жөніндегі басқармасының  қызметкерлері бұл күндері    өтіп жатқан  «Құқық тәртібі»     операциясы барысында   аса ірі  мөлшерде  героин  сату   үстінде  салық комитетінің  қызметкерін  ұстады.
None
None

Бұл туралы  департаменттің баспасөз қызметінен  хабарлады.

Полицейлер 54 жастағы ер  азаматты   Шымкенттегі  үйінде   60 грамнан астам    есірткі затын  сату  үстінде     қолға түсірді.  «Тінту  кезінде    жатын бөлмеден   2 грамнан асатын апиын  шикізаты  мен    медициналық таразы  қоса табылды»,  деп  хабарлады     баспасөз қызметінен.

Күдікті   уақытша оқшаулау абақтысына  жабылды.   Оның  үстінен қылмыстық іс   қозғау мәселесі   шешілуде.

Баспасөз қызметінің   ақпараты  бойынша,     жылдың басынан   бері    400 киләға  жуық  есірткі  заты,  оның ішінде 30 килә героин  заңсыз  айналымнан  алынған.    2009 жылы сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан  облысы  бойынша 119 есірткі саудагері   тұтылды.

Соңғы жаңалықтар