Асфальтқа салынған ең үлкен сурет Шымкентті сәнге бөледі

ШЫМКЕНТ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «ҚР-дегі асфальттағы ең үлкен сурет» аттыұранмен бүгін шымкенттік 1 000 оқушы Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін атап өту үшін Қонаев атындағы бульварға келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Балалардың қолдарында бояу, жүздерінде күлкі. Айналасы бірер сағатта Шымкенттің орталық көшелерінің бірі алуан түрлі нақышпен бейнеленген үлкен галереяға айналды. «Мұнда Шымкенттің барлық мектебінен келген 1 000-нан астам оқушы қатысуда. Біз бульвар алаңына Қазақстанның ең тартымды көріністерін салуды ұсындық», - дейді Шымкент қалалық білім беру басқармасының бастығы Жанат Тәжиева. Жас суретшілердің өнері арқасында ұзындығы 1 шақырым, жалпы ауданы 7 000 шаршы метр болатын көлемге сурет салынды. Бұл шығармашылық туынды арнайы әуеге көтерілген тікұшақ арқылы бейнетаспаға жазылды. Ұжымдық шығарма Гиннестің рекордтар кітабына енеді, деп үміттенеді ұйымдастырушылар.
Соңғы жаңалықтар