Асхат Дауылбаев ҚР Бас прокуроры қызметіне тағайындалды

АНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мемлекет басшысының ұсынысымен ҚР Бас прокуроры қызметіне Асхат Дауылбаев тағайындалды.
None
None

«Асхат Дауылбаев Ресейдің Свердловск қаласындағы Руденко атындағы институтын бітірген. Ол ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында қызмет етіп келеді. А. Дауылбаев қызмет жолында Әділет вице-министрі, Мәжіліс депутаты сияқты жауапты қызметтер атқарған. Соңғы 11 жыл бойы ол Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарып келеді. А. Дауылбаев өте сауатты, еліміздің мүддесін барынша қорғап келе жатқан азамат. Сондықтан ол, осы қызметке лайықты деп есептеймін»,-деп атап көрсетті Мемлекет басшысы Н. Назарбаев.

Өз кезектерінде Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады.

Соңғы жаңалықтар