Ашхабадта дипломатиялық өкілдіктер арасындағы мини-футбол турнирінде ҚР елшілігінің командасы жеңіске жетті

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Ашхабад қаласында дипломатиялық өкілдіктер командаларының арасында өткізілген мини-футбол бойынша халықаралық турнирге ҚР Елшілігінің командасы қатысып, жеңімпаз атанды.
None
None

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ашхабад қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі Аймақтық орталықтың ашылуына 5 жыл толуына және Түрікменстанның БҰҰ-ға мүшелігіне 20 жыл толуына орай өткізілген турнирге Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы Елшіліктерінің командалары, сонымен қоса елде тіркелген БҰҰ өкілдіктерінің құрамасы қатысты.

Қазақстан дипломаттары жартылай финалдық ойында АҚШ Елшілігінің командасын 1-0 есебімен жеңді. Ал финалдық ойында Түрікменстанда тіркелген БҰҰ өкілдіктерінің құрамасын 4-0 есебімен ойсырата ұтты.

Аталған турнирді жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум