«Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» жобасын 378 мыңнан астам қазақстандық қолдана бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Шектеу іс-шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы теңгерімді орнату мақсатында «Атамекен» ҰКП Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, 2021 жылдың қаңтарынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша ілкі жобаны жүзеге асыруды бастады. 26 сәуірден жоба бүкіл ел бойынша таратылуда», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бүгінде «Ashyq» жобасы фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, бассейндерде, боулинг, бильярд және компьютер клубтарында, кинотеатрларда, театрларда, концерт залдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, облысаралық, қалааралық тұрақты емес жолаушылар тасымалында қолданылады.

«27 сәуірдегі мәліметке сәйкес, жоба қатысушыларының жалпы саны – 1658, ал қосымшаны қолданушылар 378 мыңнан астам адамды құрайд», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар