Асқар Жұмағалиев салықтың онлайн-төлемдерінің артықшылығы туралы айтты

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өз блогында «электронды үкімет» порталының көмегімен салық төлеудің артықшылығы туралы әңгімеледі.
None
None

«Бүгін мүлік салығын төледім. Мұны өткен жылдағыдай Интернет арқылы «электронды үкімет» порталының көмегімен жасадым. Осы қызмет көрсету сервисінің арқасында банкіге барып, кезекке тұрып алтын уақытыңды сарып қылмай, компьютердің көмегімен бес минутта барлық шаруаңды бітіресің», - деп жазады Асқар Жұмағалиев.

Оның айтуынша, процедура өте қарапайым, тіпті сандық электронды қол қоюды да талап етпейді. Тек салық төлеушіге порталда тіркеліп, өзімен бірге VISA немесе MasterCard төлем карталарын алса ғана болғаны.

Соңғы жаңалықтар