Әскери кадрлар дайындаудағы Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты ынтымақтастығының келешегі талқыланды

СТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бүгін АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Дэвид Петреуспен кездесті, деп хабарлады қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесу барысында кадрлар дайындаудағы, әскери білім беру жүйесін дамытудағы және екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында қол қойылған Бесжылдық ынтымақтастық жоспарының аясындағы басқа да салаларды дамытудағы перспективалар талқыланды.

Тараптар біздің әскери қызметкерлеріміздің АҚШ Қарулы күштерінің түрлі әскери оқу орындары мен мамандандырылған оқу орталықтарында, оның ішінде Ұлттық қорғаныс университеті мен командалық-штабтық колледждерде білім алу мәселелерін талқылады. Әскери білім бағдарламасы бойынша барлығы 10 миллионнан астам доллар бөлініп, 360-тан астам әскери қызметкер 30-дан астам мамандық бойынша оқуға жіберілген.

Ә.Жақыбеков кездесуді қорытындылай келе, Құрама Штаттар мен Қазақстан Республикасының бір мақсатты ұстанып отырғанын, тараптардың өзара диалогты жалғастыру және әскери ынтымақтастықты кеңейту арқылы Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасын нығайтуды діттеп отырғанын атап көрсетті

Соңғы жаңалықтар