Әскери қызмет резервтері Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға лайықты үлес қосып келеді - Н.Назарбаев

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында бүгін «Спасск» оқу орталығында болды.
None
None

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Елбасын әскери қызметкерлер резервінің дайындығы жүріп жатқан оқу орталығының қызметімен таныстырды.

Мемлекет басшысына сабақ өтетін оқу сыныптары, оқу-материалдық база таныстырылды. ҚР Президенті орталықта білім алып жатқан әскерилерді құттықтады.

«Іріктеуден өтіп, белгілі бір деңгейдегі дене және әскери шынығудан өткен соң және әскери қызметтің қиындықтарын бастап кешіре отырып, сіздер, Қазақстан Респубикасы қорғаныс қабілеттілігінің нығаюына лайықты үлестеріңізді қосып келесіздер. Заманауи қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, кез келген әскердің қорғаныс қабілеттілігі ең біріншіден кәсіби және моралды тұрғыда дайындықтан өткен мамандар арқылы анықталады», деп атап өтті Н.Назарбаев.

Қорғаныс министрлігінен атап өткеніндей, Қазақстанда жұмылдыру резерві дайындығына үлкен назар аударылады. Ел бойынша 9 оқу орталығы құрылды, 2010 жылы мотоатқыштар әскері, байланыс әскері, арнайы әскер мамандығы бойынша 1200 әскери міндетті дайындықтан өтті, деп толықтырған ведомство.

Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы орталықтардан шамаман 4 мыңға жуық әскери міндетті дайындықтан өтеді. Елімізде, атап айтқанда Семей, Тараз және Ақтау қалаларында үш аймақтық оқу орны ашылған.

Сапасскіде ҚР Президенті Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының түлектерімен кездесті.

«Бүгінгі таңда сержанттар бөлімдер мен бөлімшелерде өздеріне лайықты орындарын алған. Олар бөлімдердегі істерге жақсы ықпал етеді», - деді Жоғарғы Бас қолбасшыға қорғаныс министрі Ә.Жақсыбеков.

Спасск оқу орнында Елбасы сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарымен таныс болды. Әскерилер ғимаратта батыл әрекет етуді, кепілге алынған адамдарды босатуды, кедергілерден өту әдістерін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар