11:08, 07 Мамыр 2013 | GMT +5
Әскери қызметшілер перзенттік парызын адал атқарғанда ғана мәңгілік ел бола аламыз - Н.Назарбаев
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Әскери қызметшілер перзенттік парызын адал атқарғанда ғана мәңгілік ел бола аламыз.

Бүгін, Отан қорғаушы күнінде «Отар» 40-ыншы әскери базасында өтіп жатқан Жауынгерлік парад барысында ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Қазақстанның қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы «өз елін мақтаныш етпеу сатқындықпен тең», деген. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау әрбір азаматтың қастерлі борышы болып табылатындығын баса айтты.
«Осынау перзенттік парызымызды бәріміз адал атқаруға тиістіміз, әсіресе сіздер - әскери адамдар. Сонда ғана біз арманымызға жетіп, мәңгілік ел бола аламыз», - деді ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.