Әскери метрологтар техниканың дәл және іркіліссіз жұмысына кепілдік береді

Қазіргі уақытта әскери метрологтар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қозғалған мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Қарулы Күштердің қызметіне тікелей қатысты басым бағыттағы шараларды іске асыру үшін өздерінің күш-жігерін жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағыттап келеді. Мамандардың білім деңгейін ұдайы арттырып отыру - осы ұжым жұмысының басты қағидаттарының бірі.
2009 жылы 906 өлшеу техникасы базасы өлшеу құралдарын жөндеу және тексеру жөніндегі мемлекеттік стандарттарға сай жұмыс істей алатындығы туралы аккредитациялаудан өтті. Бүгінгі таңда мұнда өлшеу құралдарының, бақылау-тексеру аппаратурасының бірегей деректер базасы, сондай-ақ өлшеу құралдарын тексеру және жөндеу жөніндегі стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттар қоры жасалды.
Бейбіт уақытта қазіргі заманғы қару-жарақтың бар мүмкіндігі сирек пайдаланылғанмен ұрыс іс-қимылдары кезінде шекті мүмкіндікті пайдалану қажеттігі бірден туындайды. Сондықтан да қару-жарақ пен әскери техника, әсіресе жауынгерлік кезекшілікте тұрған техника әрқашан оның бар мүмкіндігін қолдануға дайын болуы тиіс. Бұл қару-жараққа уақтылы және сапалы метрологиялық қызмет көрсету жүргізген жағдайда ғана мүмкін болмақ.