Әскери наградалар алпыс жылдан кейін иелерін тапты

ПАВЛОДАР. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жеңіс күні қарсаңында Павлодарда Ұлы Отан соғысының шайқастарында көрсетілген ерліктер үшін наградалар табыс етілді.
None
None

Венгрия, Чехословакия және Австрия елдерін фашистерден азат ету шайқастарына қатысқан десантшы Андрей Двойнос «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін алды.

Дисинхан Бажақовтың наградасы - Қызыл Жұлдыз ордені батырдың ұлы мен қызына табыс етілді, ардагер бұл күнге жете алмай кетті.

Павлодарлық ардагерлерді марапаттау үшін арнайы келген генерал-лейтенант Николай Покась пен Ресейдің Қазақстандағы елшілігі әскери атташесінің аға көмекшісі Игорь Селиванов, Ресей мен Қазақстанның қорғаныс ведомстволарының мұрағаттарында жүргізілген белсенді іздеу жұмыстарының арқасында, наградалар иелерін тауып жатқанын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар