«Әскери пост» байқауына дауыс беру басталды - ҚР ҚМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, әскери тақырыпта Ғаламтордағы үздік постқа блогерлер арасындағы байқауға дауыс беру ресми түрде басталды.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, әскери тақырыпта желідегі үздік жарияланымға блогерлер арасында «Әскери пост» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары әлеуметтік желілерде ашық дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беруге қатысу үшін жіберілген қатысушылардың байқау жұмыстары «Мірдің оғы», «Ұтқыр шабуыл» және «Суреткер сарбаз» жеке аталымдар бойынша Қорғаныс министрлігінің Facebook ресми парақшасында орналастырылады. Байқау қатысушыларының жұмыстарын «Әскери дискурс» экстремалды журналистика бойынша тәжірибелік семинар қатысушылары бағалайтын болады. Байқау мақалалары мен материалдары әлеуметтік желілердің барлық өзге де пайдаланушыларына қолжетімді. Дауыс беруден басқа, ғаламтор пайдаланушылары өздерінің ой-пікірлерін де қалдыра алады. Байқауды ұйымдастырушылар қатысушының ұнаған постына берген үздік шолуға арнайы жүлде ұйымдастырып та қойды. Оны бағалау кезінде пайдалылығы, өткірлігі мен қызықтылығы, шолудың жұмысқа қаншалықты сай келетіндігі және оны толықтырып тұратындығы, одан алған жалпы әсері, сондай-ақ оған берілген пайдаланушылардың дауыс беру саны ескеріледі. Байқау финалистерінің жұмысына берілген үздік комментарий авторы үш аталым бойынша жеңімпаздармен бірге марапатталады. ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң имиджін нығайтуға үлес қосқан журналистерді, әскери сарапшыларды, медиа-кәсіп, қоғам өкілдерін, желілік журналистер мен блогерлерді көтермелеуге бағытталған «Әскери пост» блогерлер арасындағы байқаудың ұйымдастырылуына мұрындық болғанын естеріңізге сала кетейік, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар