Әскери прокуратура кадет корпусындағы алаяқтық фактісін анықтады

ағымдағы жылдың 13 сәуірінде, осы оқу орнының қаржы қызметі жөніндегі бухгалтері азаматша Л.И. Денисевичтің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 177 бабының 3 бөлімінің «б» тармақшасымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.
Тексеру нәтижесінде 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап 2010 жылдың қыркүйек айына дейін Л.Д.Денисевич, лауазымды тұлға ретінде, Кадет корпусында жалақыны және басқа да төлемдерді есеп картасына есептеп және аудару сияқты функционалдық міндеттерді жүзеге асыра отырып, қызмет бабын теріс пайдаланып, бюджет қаражатын пайдакүнемдікпен талан-таражға салуды көздеп, қаржы құжаттарына жалған мәліметтерді енгізу жолымен азаматтар А.Ж.Алтынбековке және Д.К.Зейнуллинге қызметкер ретінде жалақы өтемақысын, сауықтыру жәрдемақыларын, уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақыларын заңсыз есептеген.
А.Ж.Алтынбеков және Д.К.Зейнуллин 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Кадет корпусының курсанттары болып саналған, бірақ 2007 жылдың 18 және 15 қыркүйегінде, сәйкесінше өз қалаулары бойынша оқудан шығарылған, сонымен қатар Кадет корпусы штатында курсант ретінде тіркелмеген.
Л.И.Денисевич бюджет қаражатын пайдакүнемдікпен талан-таражға салуды көздеу арқылы, көрсетілген тұлғалардың есеп-картасын олардың келісімінсіз заңсыз қолдана отырып, 2008 жылдың қыркүйек айынан 2010 жылдың қыркүйек айына дейін А.Ж. Алтынбековтың есеп-шотына 3270902 теңге сомасында жалақы өтемақысын, сауықтыру жәрдемақысын, уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақыларын, Д.К.Зейнуллиннің есеп-шотына 3098388 теңге сомада жалақы өтемақысы, сауықтыру жәрдемақысын заңсыз есептеп, мемлекетке жалпы сомасы 6369290 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.