Аспанасты еліне орталықазиялық газ құбыры арқылы 9 млрд. текше метр табиғи газ жеткізілді

БЕЙЖІҢ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайға орталықазиялық газ құбыры арқылы 9 млрд. текше метр табиғи газ жеткізілді. Бұл туралы Қытай ұлттық мұнай корпорациясы мәлім етті.
None
None

Қытай ұлттық мұнай корпорациясы алдағы уақытта осы газ құбыры арқылы жыл соңына дейін 15 млрд. текше метр және 2011 жылдың соңына дейін 30 млрд. текше метр газ өткізу мүмкіндігі пайда болады деген болжамын жеткізді.

Орталықазиялық газ құбыры Түрікменстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадан бастау алып, Қазақстан арқылы өтеді, Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономды өлкесінде аяқталады. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1 833 шақырым. Пайдаланауға 2009 жылы берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар