12:39, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Ассамблея - біздің ортақ шаңырағымыз
. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясының басты оқиғасы ұлттық саясаттың мақсат-міндеттері мен қағидалары мен оларды жүзеге асырудың негізгі бағыттары көрсетілген Ұлттық бірлік доктринасының жобасын талқылау болды.

Бұл туралы сессиядан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, гректердің «Элефтерия» облыстық қоғамының төрағасы Георгий Иорданиди мәлім етті.
«Доктринада жария етілген ұлттық бірлік идеясы елімізде тұрып жатқан халықтарды, ең алдымен өздерін қазақстандық ретінде танытуға шақырады. Республика халқы этникалық, діни және басқа да әлеуметтік-мәдени топтардың біріккен қоғамдастығы ретінде әрекет етуі керек. Ал Ассамблея - біздің ортақ шаңырағымыз», дейді Г. Иорданиди.