Ассамблея елдегі әлеуметтік жаңғыру мәселесіне де араласуы керек - Елбасы

АНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі әлеуметтік жаңғыру мәселесіне де араласуы керек. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-нші сессиясында Елбасы, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Қазақстан халқы Ассамблеясының назарында әлеуметтік жаңғыру мәселесі де болуы тиіс. Біз өзіміздің Тәуелсіздіктің 20 жылдығы бағдарламасында той тойлау мәселесін емес, әрбір азаматтың осы тәуелсіздік мәнін сезінуі тиістігін ерекше назарда ұстағанбыз. Бұл ретте негізінен жаңа мектептер, ауруханалар салуды мәселе етіп қойып отырмыз. Қалаларды, өңірлерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету, аумақтарды көгалдандыру, барлық елді мекендердің тазалығын арттыру - бұның барлығы маңызды шаралар», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент осы мәселелерді атқарғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының ел алдындағы беделі де арта түсетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум