Ассамблея Кеңесі Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мәселесін талқылады

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясы қарсаңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде. Онда Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланып жатыр.
None
None

Жиын барысында сөз сөйлеген Мемлекеттік хатшы кеңес отырысының Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында өтіп отырғанына назар аударып, бұл еліміздің, татулық пен бірлікті насихаттап жүрген азаматтардың мерекесі екеніне кеңінен тоқталып өтті. «Қалыптасқан дәстүр бойынша Ассамблея Кеңесі жылына екі рет өткізіліп келеді. Бұл кеңестерде Елбасы саясатын іске асыруға байланысты нақты шешімдер қабылданады. Біз бүгін ХХ сессия алдында Кеңес мүшелері бас қосып, қоғамдық келісімді нығайту мәселелерін қарайтын боламыз», - деп атап өтті М. Тәжин.

Кеңес жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшылығы, Парламент депутаттары, бірқатар облыс әкімдері, министрліктер мен ведомство басшылары, Ассамблея хатшылығының жетекшілері, сондай-ақ ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысуда.

Жиын барысында Мемлекеттік хатшы Елбасының Жарлығымен жақында қабылданған 2020 жылға дейінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттарға тоқталды.

Соңғы жаңалықтар