15:52, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Ассамблеяның дамуына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық қуатты серпін беруі тиіс - Н. Назарбаев
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Ассамблеяның дамуына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық қуатты серпін беруі тиіс. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, көрмеге әлемнің бірнеше ондаған елінен делегация қатысатын болады. Олар өздерімен бірге қазақстандық этностан шыққан, яғни атамекендерінен үлкен мәдени бағдарлама әкелетін болады.
«Ассамблея этно-мәдени бірлестіктер халықтық дипломатияның тірі көпірі ретінде көрменің этникалық топтар жетістігінің жарқын көрінісі болуына жәрдемдесуі керек»,-деді Н. Назарбаев.