Ассамблеяның стратегиясы елдің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының ажырамас бөлігі бола алады - Қ. Саудабаев

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы 2020 жылға дейінгі елдік даму стратегиясының ажырамас бөлігі бола алады.
None
None

Бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев осылай мәлім етті.

«Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың жасампаз ерлігі арқасында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын экономикалық қуатты, демократиялық дамыған, сондай-ақ әлем елдері сыйлайтын мемлекет ретінде қарсы алып отыр. Қазіргі күні тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы мен бағдарламасы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, бекітілді. Мерейтойлық іс-шаралардың ең басты мақсаты ұлттық бірлігімізді одан әрі нығайтып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарта түсу, елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету болып табылады», -деді Қ.Саудабаев. Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Қазақ елінің дамуына өзінің 2011 жылға дейінгі стратегиясын жемісті жүзеге асырып, Ұлттық бірлік доктринасын қаблылдаған Қазақстан халқы Ассамблеясының да мол үлес қосқанын атап өтті. «Әрбір қазақстандық секілді біздің барлығымызда да 2020 жылға дейінгі стратегияның орындалатынына еш күмән жоқ. Бұған кепіл ел бірлігі мен Елбасының ұстанған саясаты болмақ. Сондықтан да, алдағы уақытта біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді арттыратын, жұртшылықтың әл ауқатын жақсартатын шаралар толық жүзеге асады деп сенемін», - деді Қ.Саудабаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум