Астана әкімі мен «Астана ЭКСПО-2017» басшысы халықаралық көрмеге әзірліктегі өзара іс-қимылын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесті.
None
None

Қала әкімі мен ұлттық компания басшысы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлады astana.gov.kz.

Ә. Жақсыбеков өз сөзінде, Ұлт Көшбасшысы тапсырған міндеттерді, тығыз қарым-қатынаста орындау қажеттігін атап өтті.

- Біздің іс-қимылымыз, инженерлік желілерді, жолдар мен нысандарды салуда, бір сөзбен айтқанда көрме қалашығына қатысты барлық мәселелер бойынша үндесіп жұмыс істеуге бағытталуы тиіс, - деді әкім.

Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу қорытындысы бойынша Жол картасы қабылданды. Онда көрме кешендері құрылысы, көлік-инженерлік инфрақұрылымы, қалалық қоғамдық көлік жүйесін және туризмді дамытудың нақты жолдары көрсетілген.

Құжатта көрме қонақтарының қауіпсіздігі мен оларға жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені де көрініс тапқан. ЭКСПО-2017 бренд ретінде танымалдылығын арттыру мен волонтерлік қызметті ұйымдастыру мәселесі бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар