Астана әкімі Парижде EXPO-2017-ні өткізуге Қазақстан елордасының өтінімін жылжыту мәселелерін талқылады

Кездесу барысында 2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге Қазақстан елордасының кандидатурасын жылжыту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы пікір алмасылды.
Халықаралық көрме қозғалысына қатысудың маңыздылығын атап өткен И.Тасмағамбетов, EXPO - экспонент-елдердің дамуына және өз жетістіктерін паш етуге ықпал ететін әділ әрі ашық бәсекелестіктің әлемдік алаңы екендігін айтты. Қазақстанда жаңа елорданы салу тәжірибесін есепке алғанда, EXPO-2017 жалпыұлттық жобасында жеңіске жетуге және оны жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктер барлығы қадап айтылды. Бюро басшысының негізгі назары халықаралық бастамалар мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына, Қазақстанның әлемдік аренада артып отырған беделіне, ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы Астананың әлеуеті мен тәжірибесіне аударылды. ХКБ бас хатшысы EXPO-2017-ні өткізу есебімен Астананың 2030 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары әзірленіп жатқандығы туралы ақпараттандырылды.
Қазақстандық тараптың ағымдағы жылғы наурыз айының ортасында ХКБ-ның сарапшылық комиссиясының келуіне дайындығы әңгімелесудің жеке тақырыбы болды. Олар үстіміздегі жылғы қаңтардың соңында ұйымға ұсынылған АСТАНА-2017 Өтінім құжаттамасына сәйкес жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарының барысымен танысатын болады. Сондай-ақ елорда әкімдігінде халықаралық сарапшылардың Астана өтінімін жылжыту үдерісіне жұмылдырылған министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен кездесулері жоспарланып отыр.
Қазақстан Респубикасының Франциядағы Елшісі Нұрлан Дәненовтың қатысуымен өткен кездесудің барысында В.Лоссерталес өз кезегінде, Өтінім құжаттамасын шұғыл әзірлеу бойынша қазақстандық тараптың жұмысына жоғары баға беріп, құжатты безендірудің және мазмұндық бөлігінің сапалы деңгейін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан елордасы кандидатурасының екі басымдығы бар. Атап айтқанда, мемлекет басшылығының және нақты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың, оның орталық мемлекеттік органдарының, әкімдіктің және жалпы ел халқының - EXPO-2017-ні өткізуге құқықты алуға ұмтылысы мен ол үшін салып жатқан күш-жігерінің барлық деңгейде көрсетуі. Онымен бірге, Астананың өзі мемлекеттің тұтастай дамуының символы болып табылады, бұл ХКБ-ға мүше елдер үкіметтері үшін ауқымды белгі.